15 Сәуір 2019

МҰРАЖАЙДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТТІ

2019 жылдың сәуір айында Рысқұлов ауданда тарихи-өлкетану мұражайының базасында Т.Рысқұлов мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұғым», Луговой ауылының кітапханасының базасында 6-сынып оқушыларымен «Кітап – ақыл ойдың жемісі» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.

Өткізілген сабақтарға 41 оқушы қамтылды.Мұражай сабақтарының басты мақсаты – Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оның оның ата-бабаларының өткен және бүгіні жайлы білімін тереңдету болып табылады.