15 Сәуір 2019

МҰРАЖАЙ САБАҚТАРЫ – ТАРИХҚА САЯХАТ

Қордай ауданда барлық мектептерде өлкетану бағытында мұражай, экскурсия сабақтары өтілуде. Биылғы 2018- 2019 оқу жылының ақпан- наурыз айларында 50 сабақ өткізілді. Атап айтсақ Қордай ауданының мұражайлары мен ескерткіштерінен бөлек оқушылар басқа аудандарға, басқа облыстарға саяхаттады. №2,9 орта мектебінің мұғалімі Қосаумас, Айдана, Шу ауданындағы ежелгі Баласағұн қалашығына барды. №3, 4, 26,28,30,51 мектептер киелі Түркістан қаласына, №1,4,9, 13, 23, Алматы қаласындағы Орталық мұражайға, Көктөбе, Медеу мұз айдынына, №8, 29, 22, 26, 41, 42, 43 мектептері Кенен Әзірбаев мұражайына саяхат сабақтар ұйымдастырды.