21 Мамыр 2020

МҰҒАЛІМДЕР ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША АРНАЙЫ КУРСТАРДАН ӨТЕТІН БОЛАДЫ

IT-құзіреттіліктер, оқыту әдістері, тапсырмаларды қалай беру, қашықтағы жүйе арқылы қалай жұмыс істеу керектігі – осы барлығы педагогтарға үздіксіз білім беру аясында оқытылатын арнайы модульдің курсында қамтылатын болады. Болашақ мұғалімдер дәстүрлі оқыту тәсілі, сондай-ақ қашықтықтан оқыту тәсілі арқылы да білімдерін жетілдіріп, оқуды тәмамдауы керек. Жоғары оқу орындарындағы педагог кадрларды даярлау оқу бағдарламасы аясында қашықтықтан оқытудың міндетті модулі енгізіледі. Болашақ мүғалімдер университетте оқып жатқан кезде де осы технологиялардың, техниканың және құзыреттің бәрін игеруі керек.