2 Қараша 2018

«Жалпы білім беру мектептерінде тәрбие жұмысын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбында оқыту семинары өтті

2018 жылдың 2 қараша күні Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Жалпы білім беру мектептерінде тәрбие жұмысын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы контекстінде ұйымдастыру тәжірибесі», «Шаңырақ» мектеп қауымдастығын құру» тақырыптарында оқыту семинары өткізілді, барлығы 120 педагог қатысты.
Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық кеңістігін құру, НЗМ-нің тәрбие жұмыс жүйесін тарату, қарым-қатынастық құзіреттіліктің артуына қолайлы жағдай жасау.