21 Мамыр 2020

ОБЛЫСТЫҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТТІ

 

21 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  қашықтықтан  облыстық  директорлар кеңесі  өтті. Кеңес барысында  күн тәртібіндегі «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесінің тиімді ұйымдастырылу ерекшеліктері», «Оқу жылының аяқталуы бойынша тиісті нұсқаулықтар», «Қашықтықтан оқыту жағдайында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері», «Білім алушылардың жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары»  тақырыптары бойынша  қатысушылар сөз алып қашықтықтан білім беру жағдайының  ерекшеліктері  мен  назарға алынатын мәселелері  бойынша  ұсыныстар  мен ой-пікірлерін кеңінен талқылады. Кеңеске білім басқармасының «Орта білім беру және педагог кадрлармен жұмыс» бөлімінің басшысы А.Досыбаева, облыстық  оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова, әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшілері және облыстық директорлар кеңесінің мүшелері. Барлығы 40  адам қатысты.