21 Мамыр 2020

ОБЛЫСТЫҚ «ЕҢ ҮЗДІК САБАҚ» АТТЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН СЫРТТАЙ БАЙКАУЫ ӨТТІ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың мамыр айында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің мәртебесін арттыру, шығармашыл педагогтарды анықтау және әдістемелік шеберліктерін шыңдау мақсатында өткізілген «Ең үздік сабақ» атты облыстық қашықтықтан сырттай байқаудың жеңімпаздары анықталып, жүлделі орындармен марапатталды. Облыс бойынша қашықтықтан байқауға 64 мұғалім қатысты.