16 Қыркүйек 2020

ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН ВЕБИНАР ӨТТІ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен 16 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық және кретивтік потенциалын дамыту» тақырыбында онлайн режимінде облыстық вебинар өтті. Іс-шара барысында 2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері және мектепке дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту жолдары туралы ақпараттар беріліп, педагогтер электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді. Аталған іс-шараға облыстың  130 педагогі қамтылды.