12 Наурыз 2020

ОБЛЫСТЫҚ ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстағы жалпы білім беретін мектептерге жасалған рейтингтік көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша анықталған кризистік режимдегі мектептерге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 11 наурыз күні Zhambil_Obl_Metod бөлмесінде «Критериалды бағалау қағидаттары, 9 сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу, ұйымдастыру, тапсырма құрастыру, пәндерді оқыту ерекшеліктері, оқушылардың функционалдық сауатылығын арттыру»  тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізілді. Аталған іс-шараға (бастауыш сыныптар, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын, өзін-өзі тану, тарих, математика, физика, химия, география, биология, информатика, көркем еңбек) 263 мұғалім қатысты.