30 Қараша 2018

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен бүгін Тараз қаласындағы А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясында «Подходы к оцениванию учебных достижений учащихся» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар жұмысы барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңартылған білім беру бағдарламасының тәжірибеде қолдану бойынша 2-ші сыныптардың математика, орыс тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек пәндерінен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сабақтың мақсаты бойынша бағалау критерийлерін құру, бағалау критерийлерінің негізінде тапсырмаларды таңдау, тапсырманың мазмұнына сәйкес дескриптор құру, оқытудың белсенді әдістері, қалыптастырушы бағалау мен кері байланысты жүргізудің тиімді жолдары, сабақтағы оқушы рефлекциясы және сабақтан кейінгі мұғалімнің рефлекциясы бойынша жұмыс түрлері ұсынылды.
Семинардың соңында мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына нақты жауап алды. Аталған іс-шараға 78 педагог қатысты.