9 Қаңтар 2019

ІТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Оқыту барысында ІТ технологияларды тиімді қолдану жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар-тренинг өтті.  

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын  40 базалық мектептерінде 6-8 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған іс-шараға барлығы 2259 педагог қатысты.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп ұйымдастырылған семинарда 6-8 сыныптарға  сабақ беретін  пән мұғалімдері интернеттен видео жүктеу және өңдеуге  болатынын сamtasia studio, academo.org, www.geogebra.org, phet.colorado.edu, www.vascak.cz, www.zygotebody.com, animationsLinks.html және өзге де бағдарламалармен жұмыс жүргізу және ІТ технологияларды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.