8 Қаңтар 2019

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

Бүгін облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы  пәндерін оқыту барысында қалыптастырушы  және жиынтық бағалау  тапсырмаларын  құрастыру жолдары» тақырыбында онлайн режимінде семинар-тренинг өтті.  

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын  40 базалық мектептерінде 6-8 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған  іс-шараға  барлығы   2307    педагог қатысты.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп ұйымдастырылған семинар жұмысы барысында 6-8 сыныптарға  сабақ беретін  жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән мұғалімдері жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде басшылыққа алынатын құжаттар, тест спецификациясы, қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптамадан өткізу   жолдары  бойынша тәжірибе алмасты.