12 Сәуір 2019

ОБЛЫСТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес « Шеберліктің шыңына жете білсеңдер-мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбы аясында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің базасында  12 сәуір күні ашық есік күні өтті. «Биле,өнер шарықта!» атты облыстық хореографиялық конкурсы –Қазақстан халықтарының би мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруға ықпал ететін жаппай және қызықты жарысқа аудандар мен Тараз қаласының 9-11 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты:халық билерін зерттеуге білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру;оқушылардың шығармашылық қабілеттірін жарысқа шығару.Қатысушылар екі би орындады:біріншісі-қазақ биі, екіншісі-халықтық биі (еркін таңдау).

Жалпы қатысушылар саны 9 үміткер.Бас жүлде иегері Копбосын Дана Копбосынқызы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде мемлекеттік грантқа жолдама алды.I орын иегері Шолпанқұл Ақбота Асқарқызы, II орын иегері Чешева Вероника Алексеевна , III орын иегері Копликова Анастасия Анатольевна диплом және сертификаттар табысталды.