11 Сәуір 2019

ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕРЛІК СЫНЫП ӨТТІ

11 сәуір күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті физика пәні мұғалімдері үшін Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында «Физика пәнінің оқу мотивациясын арттыруда олимпиадалық есептер шығарудың рөлі» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті.

Шеберлік сыныпта университеттің «Физика және МОӘ» кафедрасының аға оқытушылары, облыстың үздік ұстаздары мектеп курсында кездеспейтін тақырыптар мен олимпиадалық есептердің шығару жолдары, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді, заманауи үлгідегі лабораториялық кабинеттермен таныстырды.

Аталған іс-шараға облыстың 39 педагогі қамтылды.