14 Наурыз 2019

ОЖСБ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14 наурыз күні білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде «Білім мекемелерінде ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарының деңгейін арттыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

Жалпы орта білім беретін мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындаудың сапасын арттыру мақсатында өткен семинарға 329 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Онлайн семинар барысында білім мекемелеріндеОЖСБ өткізу тәртібі, ОЖСБ тапсырудың талаптары мен ережелері туралы жан-жақты ақпараттар берілді.