28 Қараша 2018

ОНЛАЙН ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ ӨТТІ

Бүгін облыстық білім басқармасының оқу-әдістестемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім–Инновация» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері облыс ұстаздарына шеберлік сыныптарын өткізді.
«Коммуникативная методика преподавания русского языка», «Пути совершенствования преподавания русского языка в школах с казахским языком обучения в рамках обновления содержания среднего образования» тақырыптарында өткен семинар жұмысы орыс тілі пәнінің мұғалімдеріне арналды. «Жазғы мектеп» жобасы аясында өткен іс-шараға облыстың 355 педагогі қатысты.