Орта білім беру

 

Жаңа 2020 оқу жылына дайындық жұмыстары туралы

 Орта білім беру ұйымдары

Облыста жаңа оқу жылында 234715 оқушыны қамтитын 442 мектеп жұмысын бастайды.

Биылғы жылы 11 сыныпты 9171 түлек бітірді. 9 сыныпты бітірген 6000-ға жуық оқушы колледждерге оқуға түседі. 1 сыныпқа 26378 оқушы келеді деп күтілуде

 

Мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру 

Пандемияға байланысты жаңа оқу жылында оқу процесі оқушылар үшін қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы және алыс ауылдарда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.

Облыста оқу-тәрбие процесі:

  • 306 мектепте 222820 оқушы қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы;
  • Шалғай ауылдарда орналасқан шағын жинақталған мектептер мен оқушы саны 100-ден төмен 136 мектепте 11 895 оқушы дәстүрлі түрде оқиды деп жоспарлануда. Оның ішінде 122-і шағын жинақталған мектептер, 12-і бастауыш мектеп, 2-і негізгі мектеп.

Қашықтықтан оқитын мектептер «ДаrуnOnlain» білім беру платформасын пайдаланатын болады. Қазіргі уақытта мектептер мен білім беру платформасы арасында келісімшарт жасалынуда.

Жұмыс істейтін, үйінде балаларын онлайн режимінде оқыта алмайтын ата-аналар үшін «кезекші 1-4 сыныптар» ашылады. «Кезекші сыныптар» ата-аналардың өтініштері негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылатын болады. Оқушылар      2-3 ауысымда оқиды, үзіліс уақыттары реттеледі.

Оқушыларды компьютерлермен қамтамасыз ету

 

Облыстағы 234715 оқушының 134863 (57,4%) жеке компьютер, ноутбуктармен қамтылған. 99 852 (42,5%) оқушыда компьютерлік техника жоқ.

Жыл басынан облыс мектептеріне 2658 компьютерлік техника сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы да 4529 компьютер сатып алу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда мектептердегі оқу үдерісінде пайдаланатын жұмыс қалпындағы барлық компьютерлер саны – 25 656.

Облыста аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін 39994 бала бар, бұл балалар бірінші кезекте компьютерлік техникамен қамтамасыз етілетін болады.

Қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстарының іс-шаралары шеңберінде оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге    26 483 дана компьютерге республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.                             

 

Оқушыларды Интернетпен қамтамасыз ету

 

Облыстағы 234715 оқушының 188950-і (80,5%), үйінде интернетпен қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылына дейін 45765 (19,5%), оқушыны интернетпен қамтамасыз ету қажет.

Облыста 130 елді мекенде Интернет желісі мүлдем жоқ. Осы елді-мекендерде  123 мектеп орналасқан. Ондағы оқушы саны – 18937.

Жаңа оқу жылында интернеті жоқ елді мекендерде орналасқан 123 мектептің 76-сы (6 236 оқушы) дәстүрлі түрде оқиды, ал қалған 47 мектеп (12 701 оқушы) қашықтықтан оқитын болады.

Осыған орай, Қазақтелеком, Транстелеком, мобильдік телефон операторлары интернеті жоқ мұғалімдер мен оқушыларды интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында техникалық мүмкіндіктерді тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Қашықтықтан оқитын аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасының балаларын интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 23000 роутер сатып алынады.

 

Педагогтармен қамтамасыз ету

Бүгінгі күнге облыс мектептерінде 25720 педагог қызмет етеді.

Педагог мамандарға қажеттілік 275 бірлікті құрайды. Бүгінгі күні мұғалімдерді, жас мамандарды жұмысқа қабылдау жүргізілуде.

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға жоғары оқу орындары мен  педколледждің соңғы курс студенттерін тарту жоспарлануда.

Мұғалімдер үшін қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруға бағытталған біліктілікті арттыру курстары онлайн ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге 21 925 педагог курсқа қатысып, сертификат алды.

Мұғалімдер жаңа оқу жылына дейін қашықтықтан оқытуға байланысты өздерінің жұмыс орындарын дайындауы қажет.

 

Оқулықтармен қамтамасыз ету

Оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге 2,9 млрд. теңге бөлінді.

Оқулықтарды тарату жұмыстары кестеге сәйкес ұйымдастырылуда.   25 тамызға дейін толық аяқталады.

Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етілетін болады.

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы

11(12)-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау

Емтихан материалдарын қолдану нұсқаулығы

Емтихан материалдарын сыныпта ашу туралы акт

 

ЖАҢА 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

 Жаңа оқу жылында облыста 442 мектеп жұмыс істеп,  234715 оқушы оқиды деп жоспарлануда (2019-2020 ж.ж-230860 оқушы).

1 сыныпқа 26378 оқушы келеді деп күтілуде (2019 жылы – 25788 оқушы келген). Бүгінгі күнге 16866 (63,9%) оқушы  1 сыныпқа құжат тапсырды. Карантин уақытының созылуына байланысты 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау  уақыты 20 тамызға дейін ұзартылды.

 Жаңа оқу жылында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру  туралы

Пандемияға байланысты республика бойынша жаңа оқу жылында оқу процесі оқушылар үшін қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы және алыс ауылдарда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады.

Облыста жаңа оқу жылында оқу процесі:

  • 306 мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы (222820 оқушы);
  • 136 мектепте дәстүрлі түрде оқиды деп жоспарлануда (11895 оқушы), (122 ШЖМ,12БМ,2 НМ).

306 мектептегі 222820 оқушы «ДаrуnOnlain» білім беру платформасына қосылады.

Жұмыс істейтін ата-аналар үшін мектептерде «кезекші сыныптар» ашу мүмкіндіктері қарастырылуда. «Кезекші сыныптар» бастауыш сыныптарда тек қана ата-аналардың өтініштері бойынша, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылатын болады.

Бүгінгі күнге дейін 1 704 компьютер сатып алынды, алдағы уақытта жергілікті бюджет есебінен жаңа оқу жылына дейін 1536 компьютер сатып алу жоспарланып отыр.

Республикалық бюджет есебінен қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстарының іс-шаралары шеңберінде аз қамсыздандырылған және көп балалалы отбасы балаларын                 41 069 компьютер жабдықтарымен қамтамасыз етуге 8,7 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.

Бүгінгі күнге облыстың мектептерінде 25720 педагог қызмет етеді. Білім бөлімдерінің мәліметіне сәйкес 24276 (94,3%) мұғалім жеке компьютермен қамтылған.

Облыстағы 234715 оқушының 119659 (50,9%) жеке компьютер, ноутбуктармен қамтылған.

Облыстағы 25720 мұғалімнің 22732-сі (88,3%), 234715 оқушының 188950-і (80,5%), үйінде интернетпен қамтамасыз етілген.

Облыста 130 елді мекенде Интернет желісі мүлдем жоқ. Осы елді мекендерде  123 мектеп орналасқан. Ондағы оқушы саны – 18937.

Жаңа оқу жылында интернеті жоқ елді мекендерде орналасқан 123 мектептің 76-сы дәстүрлі түрде оқиды, ал қалған 47 мектеп қашықтықтан оқитын болады. Алайда компьютерлік техникалармен жабдықталғанымен, интернетке қосылуға мүмкіндігі жоқ.

Осыған орай, Қазақтелеком, Транстелеком, мобильдік телефон операторларына интернеті жоқ мұғалімдер мен оқушыларды интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында техникалық мүмкіндіктерді тексеру жұмыстарын жүргізу үшін және интернетпен қамтамасыз етуге елді мекендердің мекенжайлары мен тізімі жолданды (27.07.2020ж.№01-3475 хаты).

Оқулықтармен қамтамасыз ету

Жаңартылған білім беру мазмұнына 11 сыныптардың көшуіне байланысты және  басқа да сыныптар үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге 2,9 млрд. теңге бөлінді. Облыс бойынша 19 баспамен 169 келісімшарт жасалды. Білім беру ұйымдарын оқулықтармен және ОӘК қамтамасыз ету бойынша 2020-2021 оқу жылына арналған жол картасы әзірленді.

Оқушыларға оқулықтарды тарату жұмыстары кестеге сәйкес ұйымдастырылады.

Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етілетін болады.

 

 

2018-2019 оқу жылы туралы

2018-2019 оқу жылында 446 мектепте (оның ішінде: 54 – бастауыш, 33 – негізгі, 359 – орта мектептер)222,8 мың оқушы білім алуда. 1 сыныпқа келген оқушылар саны –27541.

2018-2019 оқу жылында облыстағы 446  жалпы білім беретін мектептерді 222 801 оқушы аяқтады. Оның 317-сі «Алтын белгі», 242-сі үздік аттестат иегері атанды.

446 мектептің 310-ы қазақ тілінде, 15-і орыс тілінде, 120-ы қазақ және орыс тілдерінде, 1-і өзбек тілінде жұмыс істейді. 5 жеке меншік мектепте (Азия, Інжу, A-STATUS, Сәбижан, Нұр-Алим)697 оқушы білім алады.

Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы жетістіктер

2019 жылғы республикалық ғылыми жоба жарысында облыс командасы «Ең үздік команда» атағын иеленді, республикалық олимпиадаға 74 оқушы қатысып, 41-і (56%) жүлделі орындарды жеңіп алды (6 алтын, 13 күміс, 22 қола).

2018-2019 оқу жылында облыс бойынша халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 245 оқушының 130-ы  (53,1%) жеңімпаз атанды.

(28 алтын, 33 күміс, 69 қола). Оның:

  • 29-ы ( 11 күміс, 18 қола)Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда;
  • 43-і (6 алтын, 14 күміс, 23 қола) – Республикалық, Президенттік олимпиадаларда;
  • 22-і (5 алтын, 2 күміс, 15 қола) – Республикалық ғылыми жобалар жарыстарында;
  • 36-ы (17 алтын, 6 күміс, 13 қола) – Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар жарысында, республикалық жасөспірімдер олимпиадасында, Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасында.

Республикалық пәндер олимпиадасы мен ғылыми жобалар жарысының  қорытындысы бойынша (7 жыл қатарынан) облыс командасы  «Ең үздік команда» атанды.

Үш тілде білім беру

2018-2019 оқу жылында 277 мектепте (2017-2018 оқу жылы-45) физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылады (768 сыныпта 19200 оқушы қамтылды).Оларға барлығы 755 мұғалім сабақ береді. Пәндерді ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдерге 35 мың теңге қосымша ақы төленеді.

Жаңартылған білім беру мазмұнына облыстың барлық мектептерінің (446 мектеп)1-3, 5-8 сыныптар көшті.

2018 жылы 5434 педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу курстарынан өтті (жалпы 2016-2018 жылдары 15840 мұғалім оқытылды).

Педагог қызметкерлер

Жамбыл облысы бойынша бүгінгі күнге 25528 педагог (пән мұғалімдері 22455)бар. Оның ішінде 22996(92,2 %) педагог жоғары білімді.

Жоғары санатты 5739(25,6 %), бірінші санатты 7162(32 %), екінші санатты 5966(26,6 %) педагог жұмыс атқарады.

Аттестаттаудың бірінші кезеңі – ұлттық біліктілік тестілеуден 4510 педагог өтіп, 4484 педагог аттестаттаудың екінші кезеңі – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалы жинақтап, тиісті мәлімденген біліктілік санатын алды.

16391 педагогикалық жүктемеге жаңартылған білім беру мазмұны бойынша лауазымдық жалақыға 30 пайыз қосымша үстемақы төленді. Педагогикалық-шеберлік санаты үшін  2169 мұғалімге 30-50 пайыз қосымша ақы төленді.

Оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету

2018 жылы 2,5 млрд. теңге бөлініп, 3,6,8 сыныптардың жаңартылған білім мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарына және 1,2 сыныптардың дәптерлеріне тапсырыс берілді.

2018-2019 оқу жылында оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді (2017-2018 оқужылы -100%).

Инклюзивті білім беру

Бүгінгі таңда білім бөлімдерінің мәліметіне сәйкес ерекше білім алуды қажет ететін 7911  мүмкіндігі шектеулі баланың  (0 – 18 жас аралығында) (2259 мектеп жасына дейінгі балалар, 5652-ы мектеп жасындағы балалар) 1669–ы мүгедектік белгіленген балалар.

2018-2019 оқу жылында 7911 мүмкіндігі шектеулі баланың  6286-ы (80%) оқумен және тәрбиемен қамтылған:

– мектепке дейінгі білім мекемелерінде логотоптарда – 1143 бала;

– 4 арнайы түзету мектеп-интернаттарда – 548 бала;

– орта мектептердегі арнайы сыныптарда (18 мектептің 55 бала) – 371;

– үйде оқытылады – 1739 бала;

– колледждерде – 65 бала;

– білім мекемелерінде инклюзивті біліммен қамтылған бала саны –2420(1206 бала мектепке дейінгі білім мекемелерінде, 1214 бала орта мектептерде).

1625 (20%) бала оқуға жарамсыз, оның ішінде 947-і мектеп жасына дейінгі балалар, 363-і әлеуметтік қамқоршылықтағы балалар, 315-і мектеп бітірушілер (18 жасқа толмаған).

Облыста 4 арнайы түзету мектеп-интернаттары (саңырау және нашар еститін, соқыр және нашар көретін, қимыл-тірек аппараты бұзылған, ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған), 6 психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациялары (облыс-1, Қордай-1, Меркі-1, Талас-1, Шу-1, Тараз қаласы-1)мен 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері,1 Оңалту орталығы бар.

2018-2019 оқу жылында «DARA» және «SAMRUK KAZYNA ТRUST» қайырымдылық қорларының қолдауымен Тараз қаласында №25 орта мектеп жанынан инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеті ашылып, 120 ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды қамтылды.

446 мектептерде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған (пандустар, сүйенетін жақтаулар, кең есіктер, тактильді жолдар, демалыс бұрыштары) мектептер саны  – 309(69,1%). 

353 мектепке дейінгі білім мекемесінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалған (пандустар, сүйенетін жақтаулар, кең есіктер, тактильді жолдар, демалыс бұрыштары) балабақшалар саны  – 127(33,2%).

Ыстық тамақ

Облыстағы  446 мектептің 401-де (90%) асханалар бар, оның 123-і (29,2%)жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

15 мектептің тек буфеті бар болса, 30 мектепте асхана да, буфет те жоқ (2-негізгі, 28-бастауыш мектеп).

2018-2019 оқу жылында 219234 (98%) оқушы ыстық тамақпен, 278 оқушы буфеттік тамақпен қамтылған. Тегін бір мезгіл ыстық тамақпен 40230 (18,1%) бала тамақтанады. 29341 бала (100%) аз қамтамасыз етілген отбасы балалары, 8277балабастауыш сынып оқушылары(Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Шу) және 2612 (Мойынқұм).

Оқушылар үшін бір рет тегін берілетін ыстық тамақтың құны 250-550 теңгені құрайды(Байзақ-450 теңге, Жамбыл – 450 теңге, Жуалы – 450 теңге, Қордай- 450 теңге, Меркі – 550 теңге, Мойынқұм -360 теңге, Т.Рысқұлов – 400 теңге, Сарысу – 300 теңге, Талас – 350 теңге, Шу – 500 теңге, Тараз қаласы – 250 теңге).

Тасымалдау

2018-2019 оқу жылында мектебі жоқ 42 елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы 1239 баланың 73-і интернаттарға орталастырылса, 5 бала туыстарының үйінде жатып, 352 бала өздері барып, 857-ікүнделікті тасымалданып оқытылады(48 бала даярлық топта).

Тек бастауыш мектептері бар 54 елді мекендерден 1579 бала, тек негізгі мектептері бар 32 елді мекендерден 199 бала және елді мекендерден ауыл, қала ішінде 3708 бала, барлығы 6343 бала мектептерге және кері қарай күнделікті тасымалданады.

Мектеп оқушыларын тасымалдайтын 93 автобустың 71-і (76%)2010-2018 жылдары аралығында алынған. Автобустардың 41-і әкімдіктердің, 23-і мектептердің, 29-ы кәсіпкерлердің меншігінде.