Мектептік тамақтану

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 19- тармақшасына сәйкес,Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы білім беретін мектептер білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.

Тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында оқу жылының басында бірінші кезекте тегін тамақтанатын балалар санын анықтау қажет.

Тамыз айындажекелеген санаттағы оқушыларды анықтауҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы№198 бұйрығымен бекітіліп, 2018 жылғы «13» желтоқсандағы №684 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынегізінде жүргізіледі.Аудандық білім бөлімі,орта білім беру ұйымының әкімшілігі білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жалпы білім беру ұйымдарында әлеуметтік көмек алуға құқығы бар білім алушылардың жекелеген санаттарына жататын оқушылар анықталады.

Оның ішінде ауданда жиі кездесетін үш түрлі санат.Атап айтсақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, отбасында тәрбиеленетін жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде анықталған білім алушылар.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі және қажетті құжаттар тізбесі аудан әкімдігі білім бөлімінің ғимаратында орналастырылып,қызмет көрсету тәртібі туралы  анықтамалық- ақпараттық  стендтер жасалуы тиіс.

Стандарттың 1-тарауының3-тармағында«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Яғни, қызметті аудандық білім бөлімінің қызметкері көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады» –деп жазылған.

(6-слайд)

Стандарттың 2-тарауының5-тармағында «Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде екендігі жазылған.

Стандарттың 2-тарауының9- тармағында«көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

5) мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;

төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін – төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат;

білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшінотбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімі.

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320  қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

Осы санаттағы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысымен бекітілген « Мемлекеттік білім беру мекемелерініңәлеуметтік жәрдемді талап ететін санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары» негізінде қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстар сомасының кемінде бір пайыз мөлшеріндегі аударымдар есебінен қалыптастырылады.Осы қаржының бір бөлігі жоғарыда аталған білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтуға жұмсалады.

Қазіргі таңдабілім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген  «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына(бұдан әрі-Қағидалар) сай жүргізілуде. Осы қағидадамектеп әкімшілігінің негізгі міндеттері айқындалған: білім алушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз  ету,тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру,білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға бағытталған санитарлық талаптарды сақтау болып табылады.

Осы мақсатта,Қағиданың69-тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады (бұдан әрі-комиссия),  төрағасы білім беру ұйымының басшысы болады.

Комиссияның іс-шаралар жоспары жасалып, жоспар негізінде  тұрақты түрде мәжілістері өткізіліп, онда қағиданың 70-тармағына сәйкес комиссия  келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығынажүйелі түрде мониторинг жүргізіп тұрады. Қағиданың 71-тармағына сәйкес комиссия жұмысының қорытындылары тоқсан сайын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қаралып және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат түрінде ресімделеді.

Қағиданың 66-тармағына сәйкес білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары интернет-ресурсында«Мектептік тамақтану» айдарын құрады және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі түрде орналастыруды қамтамасыз етеді.

Қағиданың 72- тармағына сәйкес Білім беруді басқару органдары жанынан қызмет атқаратын тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.

Сонымен қатар, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітіліп,2018 жылғы 28 қыркүйектегі №20 бұйрығымен өзгерістер енгізілген«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын(бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) басшылыққа алу міндетті.

Мектептерде ауыз су режиміне қойылатын талаптардың орындалуы қадағалануы тиіс.Қауіпсіз және сапалы су ішу тәртібін ұйымдастыру санитарлық ережелердің міндетті талаптарының бірі.

Санитариялық қағидалардың 3-тарауының 28, 29, 30, 31, 32, 33 тармақтарында су ішу тәртібін ұйымдастыруға негізгі талаптар көрсетілген.28-тармағында«Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су, оның ішінде сыйымдылықтарға (графиндер, шәйнектер, бөшкелер және басқалар) өлшеп-құйылған немесе шөлмектердегі ауыз су сапасы мен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

      Суға арналған кулерлер (диспенсерлер) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тұрақты түрде тазартылады. Су ішу үшін таза ыдыс (шыны, фаянс ыдыс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланылады.

      Жеке шөлмек сыйымдылықты пайдалануға рұқсат етіледі. Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі»-деп талап етіледі.30-тармақта «ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектілерде болатын барлық уақыты ішінде олардың ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етіледі»-деп жазылған, сондықтан бұл мәселе осы талаптарды қадағалаумен іске асырылады, жауапты қызметкердің назарынан тыс қалмауы керек.

Санитариялық қағидалардың7-тарауының  111- тармағында «Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі…»-деп жазылған.Осыған байланысты мектепте ас мәзірі басшымен бекітілуі талап етіледі.

Аталған қағиданың 116-тармағында «С» витаминімен витаминдеуді балалар тәулік бойы болатын ұйымдарда осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 2-нысанына сәйкес деректерді «С-витаминдеу» журналына енгізе отырып, «С» витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін – 70 мг мөлшерінде жүргізеді»-деп жазылған.

Аталған қағиданың 119-тармағында тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында дайындауға, пайдалануға рұқсат етілмеген өнімдердің тізімдері көрсетілген.Сондықтан, мектептің асханасында аспазшы тарапынан тиым салынған өнімдер сатылмай, ереже талаптары қатаң сақталуы тиіс.

Қағиданың 122-тармағында «Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам осы қағидаларға 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіле отырып, обьекті басшысының бұйрығымен айқындалады» деп көрсетілген, сондықтан  мектептерде бұл комиссия  құрылып, жұмыс жүргізуі қатаң талап етіледі.

123-тармағында «Күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды…» деп жазылған, сондықтан комиссия мүшелері тәуліктік сынамасының сақталуын қадағалауы керек.

Сонымен қатар, қағиданың 8-тарауындағы«Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар», 9-тарауындағы«Объектілердегі медициналық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар» қатаң басшылыққа алынуы тиіс.

Қағидалардың 146- тармағының 1-тармақшасында  медицина қызметкерлері   мен әкімшілігінің:объектілердегі қызметкерлердің профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы өтуін есепке алуды және осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 4-нысанына сәйкес деректерді ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері журналына тіркеу арқылы ас блогы жұмыскерлерінің денсаулығына күн сайын бақылау жүргізетіндігі» туралы жазылған.

Сонымен қатар, қағидалардың 9-қосымшасының 1, 2, 3, 4 –нысанында медицина қызметкері жүргізуге тиісті журналдардың үлгісі және 11-қосымшада объектілердің медициналық құжаттамасының тізбесі берілген.

Қазіргі таңда, білім алушыларға берілетін бір мезгіл ыстық тамақтың сапасын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен бекітілген «Мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттары» әдістемелік ұсыныстарын басшылыққа алып жұмыс жасау талап етілуде.Соған байланысты,Санитариялық қағидалардың104-тармағындағы «Объектіде перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады…»деген талап емес, төрт апталық ас мәзірін әзірлеу маңызды болуда.Осы ұсыныстарда тағамның қауісіздігі мен сапасына талаптар, қолданылатын ыдыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар атап көрсетілген.

Сонымен қатар,ұсыныстарда білім алушыларға берілетін бір мезгіл ыстық тамақтың сапасын бағалау мақсатында  ата-аналар мен оқушыларға арналған мониторинг анкеталары жүргізіліп, сараптама жасалуы керек екендігі талап етілген.

Ең соңғы, Нұр Отан партиясының 2018-2020 жылдарға арналған «Мектеп асханалары» жобасын іске асыру аясында білім беру ұйымдарында зерделеу жүргізу барысында асханалардың барлығында қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Ас болсын», «Денсаулық бұрышының» жабдықталуы жәнеасхана бұрышында оқушылардың тамақтану кестесі, комиссия мүшелері тарапынан кезекшілік кестесінің болуы талап етілуде.

Қорыта келе, білім бөлімі тарапынан  жоспарланған  жұмыстар оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапасын арттырып, әртүрлілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді  көздейді. Мектептің оқушыға сапалы тамақ беруі  мектептегі комиссия мүшелерінің тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беругебағытталған мақсатты жұмыстар атқаруына тікелей тәуелді.Сондықтан, барлық мекеме басшылары нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын орындауды қатаң бақылауда ұстауы қажет.