9 Қыркүйек 2019

ӘР БАЛА ОТБАСЫНДА ТӘРБИЕЛЕНУІ КЕРЕК

9 қыркүйек күні «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық аясында Т.Рысқұлов ауданында Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды. Бұл өңірде ашылған 18-ші үй.



Бүгін Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны Бөтагөз Бакеева өзінің 4 баласымен қоса, Өмірлік қиын жағдайға қалған балаларды қолдау орталығының 8 тәрбиеленушісін бауырына басты.
Бүгінде аталған орталықта 64 бала тәрбиеленуде. Бұл цифр жыл сайын азаюда. Басты себеп – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыста Жамбыл, Мерке аудандары мен Тараз қаласында құрылған отбасы үлгісіндегі балалар үйлері оң нәтижелерін көрсетуде.