12 Ақпан 2020

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

12-ақпан күні білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында биология, химия пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге бағытталды. Пән мұғалімдері оқушыларға арналған құзыреттілікті-бағдарлы тапсырмаларды әзірлеудің тиімді жолдарын қарастырды. Семинарға аудандар мен Тараз қаласынан 35 педагог қатысты.