14 Наурыз 2019

ОҚУШЫЛАРДЫ ОЖСБ-ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ САРАЛАНДЫ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде  14 наурыз  күні математика, физика пәндері мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері»   тақырыбында онлайн облыстық семинар өтті.

Іс-шара  барысында математика, физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларды ОЖСБ-ға дайындауда оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары, оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары, тест спецификациясы, ОЖСБ-да кездесетін тапсырмалардың шығару жолдары бойынша тәжірибе алмасып, тәжірибелік маңызы бар ойлар ортаға салынды.

 Аталған іс-шараға  облыстың 395 педагогі қатысты.