21 Мамыр 2020

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ ӨМІРДЕГІ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 20 мамыр күні «Оқу сауаттылығының өмірдегі маңызы және мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәніне жауапты әдіскерлер мен мұғалімдерге арналған облыстық вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты – оқу сауаттылығындағы мәтін сұрақтар және оны шешудің тиімді жолдарын меңгерту.