10 Қаңтар 2020

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Бекбатырова мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Тулебаевтың қатысуымен “Адал ұрпақ” дебат клубтарының парасаттылық елшілерімен кездесті.
Кездесуге Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің, Тараз сервис және технология колледжінің, Жамбыл Медициналық жоғары колледжінің, Тараз қалалық Парасат колледжінің студенттері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа деген өз ойларын ортаға салып,идеяларымен бөлісті.