“ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ” ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАЙМЫЗ!?

Елбасы Жолдауын орындау мақсатында ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуде. Осы заң жобаларын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды.

       Мектеп, колледж, ЖОО педагогтарын, мемлекеттік органдар өкілдерін, ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. ҚР БҒМ барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды шақырады. Осы заң жобаларына қосар ұсыныстарыңызды bilim.press@mail.ru электронды адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.

«Педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы