10 Қаңтар 2019

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИПИАДАДАН ОБЛЫСТЫҢ 28 ПЕДАГОГІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Ағымдағы  жылдың  7-9 қаңтар аралығында Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасы өтті. 

Олимпиаданың мақсаты – бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.

«Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері»тақырыбында өткен байқауға Жамбыл облысынан 52 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, оның 28-і жеңімпаз атанды.

Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!