1 Қараша 2018

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ОРТАҚ ІС

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үгіт-насихат тобының іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 қараша күні Жамбыл медициналық колледжінде облыс колледждерінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында облыстық білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс РҚБ облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Амирбеков сыбайлас жемқорлыққа барлық азаматтар қарсы әрекет жасауы қажет екендігін және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру керек екендігін атап өтті.
Аталған түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта облыстың басқа да білім ошақтарында өткізілетін болады. Жиын соңында қатысушылар медициналық колледждің заманауи технологияларымен және білім ошағында жаңадан ашылған «Мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды орталығының» жұмысымен танысты.