11 Сәуір 2019

«СЫРТТАЙ ОҚЫТУ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОНЛАЙН ДӘРІС ӨТТІ

11 сәуір күні «zhambul_obl_metod»  бөлмесінде «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқу сауаттылығы бойынша «Мәтіндер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында онлайн дәріс өтті.

Оқушыларды мәтін мазмұнын түсінуге, әртүрлі типтегі стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшелігін білуге үйрету мақсатындағы дәріске барлығы 723 оқушы қатысты.