6 Желтоқсан 2019

«СЫРТТАЙ ОҚЫТУ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

6 желтоқсан күні білім басқармасының ұйымдастыруымен zhambul_obl_metod  бөлмесінде  «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 8-сынып оқушыларына жаратылыстану сауаттылығы бойынша  «Оқушылардың жаратылыстану ғылымындағы құбылыстарды түсіну, дәлелдеу қабілеттерін дамыту» тақырыбында   онлайн дәріс өтті. Оқушылардың практикалық дағдысы мен іскерлігін,  жүйелей және дәлелдей алу біліктілігін дамыту  мақсатындағы дәріске  655 оқушы қатысты.