12 Қазан 2018

«СЫРТТАЙ ОҚЫТУ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА  ОНЛАЙН ДӘРІС ӨТТІ  

Ағымдағы жылдың 11 қазанында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде «Сырттай оқыту мектебі» жобасы аясында 5-6 сынып оқушыларына жаратылыстану сауаттылығы бойынша «Оқушылардың жаратылыстану ғылымындағы құбылыстарды түсіну, дәлелдеу қабілеттерін дамыту» тақырыбында онлайн дәріс өтті.

Құбылыстарды ғылыми түсіндіру (білімін қолдану, құбылыстарды негіздеу және интерпретациялау және білу)  мақсатында өткен дәріске барлығы 1211 оқушы қатысты.