15 Қыркүйек 2020

ТВ-САБАҚТАР ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мұғалімдер мен оқушыларға қосымша оқу ресурсы ретінде ТВ-сабақтар жобасы іске асырылуда.

ТВ-сабақтар қазақ тілінде «Балапан», орыс тілінде «Ел Арна» республикалық арналары арқылы сағат 9.00 ден – 18.00 ге дейін көрсетілуде.

Жылдың соңына дейін 6 636 сабақ түсіру жоспарланған. Оған 200 ден астам педагог қатысады.

Жоба аясында Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының әдіскерлері ұстаздарға әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсетуде.

Телесабақтар ҚР БҒМ интернет ресурсында https://aitube.kz/channel?id=1129 және “Ел Арна” https://aitube.kz/video?id=0_ru0invoc) “Балапан” https://aitube.kz/video?id=0_gl9418cl телеарналарының сайттарында орналастырылған.