6 Ақпан 2019

ТІЛ-ҰЛТТЫҢ ЖАН ТЫНЫСЫ, РУХАНИ ҮНІ, АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ

5 ақпан күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде оқушылардың ана тілін меңгеру дағдыларын жетілдіру, шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында «Тіл-ұлттың жан тынысы, рухани үні, асыл қазынасы» атты облыстық шығармалар байқау өтті.
Аталмыш іс-шараға жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарының 8-10 сыныптың 64 оқушысы қатысты. Жеңімпаздар алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды.