4 Желтоқсан 2018

ТҮНГІ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Облыстық білім басқармасы «Бала құқығы – адам құқығы» акциясы аясында облыстық полиция Департаментімен бірлесіп түнгі рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қалада орналасқан мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарында жасы 21-ге толмаған 3 жасөспірім ұсталды. Тергеу барысында олардың жасы 17-ге толмағандығы анықталды. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта жүйелі жүргізілетін болады.