11 Желтоқсан 2019

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ, БОЛАШАҚҚА АМАНАТ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 11 желтоқсан  күні  Мектеп олимпиадаларын  және  мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күні» мемлекеттік мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат»   тақырыбында  облыстық ғылыми – тәжірибелік  конференция өткізілді. Конференция жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  мен пән мұғалімдері. Барлығы  210 педагог қатысты.