7 Шілде 2020

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ

 Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін балалар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды.
Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.
Маусым-тамыз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апады.
Балаңызды су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!