28 Қараша 2018

ЭЛЕКТРОНДЫ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕНТІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен бүгін Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиянда «Bilim Media Croup – интерактивті білім беруді ұсынатын «BilimLand.kz» электронды білім беру контенті» атты облыстық семинар-тренинг өтті.
Бүгінде технология дамыған заманда білім саласына өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Оқыту әдістері мен тәсілдерін жаңартып қана қоймай, білімге деген қолжетімділікті арттыру қажет. Осы мақсатта бүгінгі семинар жұмысында қатысушылар «BilimLand.kz», «imektep.kz», «iTest.kz» электронды білім беру контенттерінің жұмыс жүйесімен танысып, оқытуда сандық технологияны қолданудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер алды.
Семинар-тренингке облыстық, аудандық және Тараз қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, барлығы 362 білім саласының қызметкерлері қатысты.