12 Наурыз 2019

ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 12 наурыз күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Б.Майлиннің шығармашылығын зерттеудің заманауи жолдары мен жаңа көзқарастар» атты ғылыми жоба байқауы өткізілді.

Оқушылардың әдеби сауаттылығы мен таным-түсінігін қалыптастыру, зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында өткен байқауға 12 оқушықатысты.

Үздік деп танылған 6 оқушы дипломдармен  марапатталды.