12 Ақпан 2020

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА «LESSON STUDY» ЖҮРГІЗУ: ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 12-ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Lesson Study жүргізу: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Семинар – жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сабақты зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын қарастыру, қатысушылардың кәсіби деңгейінің артуына ақпараттық-әдістемелік ықпал ету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, білім бөлімдерінің пәнге жауапты әдіскерлері, барлығы 42 педагог қатысты