8 Ақпан 2019

ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған «Үміт» арнайы мектеп-интернатында мекеменің 2017-2018 оқу жылында атқарған жұмыстарытуралы есепті жиын өтті.

Есеп беру жиынында мектеп-интернатының барлық оқу-тәрбие бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары, емдік-сауықтыру және түзету жұмыстары, материалдық-техникалық жабдықталуы, қаржыландыру саласы, алдағы оқу жылына қойылған мақсат-міндеттер жөнінде сөз болды.

Мектеп-интернатында 143 қызметкер, оның шіінде 70 педагог қызмет атқарады.Мекемеде емдік-сауықтыру жұмыстарына арналған арнайы медициналық блок бар. Онда 1 дәрігер, 6 емші-медбике, 1 физио-емдеу-медбикесі, 3 емдік-сауықтыру нұсқаушысы, 5 уқалаушы-медбикелер бар. Сондай-ақ, мектеп-интернатында 2 дефектолог, 2 психолог, 2 логопед жұмыс жүргізеді.Балалар бос уақытында қол өнер, вокал, шахмат, тоғызқұмалақ, хореография үйірмелеріне қатысады. Сонымен қатар, мекемеде интеллектум кабинеті ашылып, тәрбиеленушілер 26 тактилді ойын түрлерімен қамтамасыз етілді.