12 Ақпан 2020

«Қысқы мектеп» жобасы аясында математика пәнінің мұғалімдеріне дәріс өтті

12-ақпан күні оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық дарынды ұл балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімдері «Математика сабағына SAT емтиханына дайындау әдістерін кіріктіру» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Іс-шара барысында математика пәнінің мұғалімдері SAT емтиханын тапсырудың маңызына тоқталып, емтихан тапсырмаларына мысалдар келтірілді, пәнге кіріктіру, емтиханға дайындық жүргізу жолдарымен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 321 педагогі қатысты.