10 Қаңтар 2020

«Қысқы мектеп» жобасы аясында онлайн семинар өтті

10 қаңтар күні білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде «География пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының география пәнінің мұғалімдері бағалауға арналған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға облыстың 359 педагогі қатысты.