9 Қаңтар 2019

ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ДӘРІС ӨТТІ

Бүгін облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының физика пәні мұғалімдері «Физика пәні сабағында сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін тиімді қолдану», «Mechanics» курсын ағылшын тілінде жүргізу» тақырыптарында онлайн дәріс өткізді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар жұмысында педагогтар сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары, «Mechanics» курсын ағылшын тілінде жүргізу ерекшеліктері бойынша тәжірибе алмасты. Аталмыш шараға облыстың  226 педагогі қатысты.