1 Қараша 2018

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

1 қараша күні облыстық білім басқармасының мәжіліс залында облыстық білім басқармасы басшысы Р.Тұрмаханбетованың төрағалығымен облыс колледждерінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары бойынша жиын өтті.
9 айдың қорытындысы жасалған жиынға қала прокуратурасының маманыН.Нұрымбетов, колледж директорлары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Жиын барысында құқық бұзушылық фактілері орын алған колледж басшыларына, жауапты мамандарға тәртіптік шаралар қолдану туралы нақты тапсырмалар беріл ді.