13 Наурыз 2019

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 12 наурыз күні Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас аудандары мен Тараз қалалық әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары мен орынбасарлары, пән мұғалімдеріне, барлығы 325 білім саласының қызметкерлеріне әдістемелік көмектер көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.