22 Мамыр 2020

ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ

21 мамыр күні білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған «Әлеуметтік-психологиялық қызметте ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды жетілдіру» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты – білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарына әдістемелік көмек көрсету және психологиялық қызметте  ата-аналармен  қашықтықтан оқыту жағдайында  жүргізілетін жұмыстарды   тиімді ұйымдастыру. Өткізілген іс-шараға барлығы 76 педагог қатысты.