30 Шілде 2020

🔰ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ

🔰Жазғы демалыс басталысымен балалар суға шомылуға асығады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді.
Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.
Маусым-тамыз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары да орны толмас оқыс жағдайларға апарады.
Балаңызды су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!