29 Маусым 2020

🔰ШІЛДЕНІҢ 2, 3, 4 КҮНДЕРІ ТЕСТ ТАПСЫРАТЫН ТЕСТІЛЕНУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

❗️Бұл алдыңғы жылғы түлектер. Олардың саны 12 мыңнан аспайды және олар 161 пункттің ЖОО-да орналасқан 30 пунктінде тапсырады.

📌Назар аударыңыз! Олар бойынша кестеде өзгерістер болады.
✅2, 3, 4 шілде күндері тапсыратын тестіленушілер енді 28, 29, 30 маусымда және 1 шілдеде тапсыратын болады.
🕒тестілеуден өту уақыты сағат 15.00-ден басталады.
✅бұрын берілген рұқсатнамалар жарамды, оларды ауыстырудың қажеті жоқ.
‼️егер қандай да бір себептерге байланысты олар өздерінің ЖОО-ғы пунктіне келіп үлгермесе, онда олар info@testcenter.kz электрондық поштасына өтініш жазуы керек.
🔷Өтініш қысқа мерзімде қаралып, ол бойынша жақын жерде орналасқан облыс орталығында тапсыруға мүмкіндік беру жөнінде шешім қабылданатын болады.