29 Маусым 2020

🔰ҰБТ-НЫҢ ТОҒЫЗЫНШЫ КҮНІ

Бүгін, 29 маусым күні  Байзақ, Жамбыл аудандары  және Тараз қаласындағы  20 мектептің 547 түлегі ҰБТ тапсыруда.
✅Тестілеу өткізу пункттерінде тест тапсырушының өмір қауіпсіздігін сақтау үшін барлық санитарлық талаптар қатаң сақталады.
Жалпы облыста ҰБТ 21-30 маусым аралығында өтеді. Биылғы жылы облыс бойынша 7181 түлек тест тапсырып, білім грантының иегері атануға ниетті.
‼️Ескерту
Құрметті ата-аналар! Сіздерден еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты тест тапсыру орындарының айналасында шоғырланбауды сұраймыз.
ТЕСТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК!