9 Қаңтар 2020

650 ШӘКІРТТІҢ 264-І ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Мектеп оқушылары арасындағы пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды. Нәтижесінде, білім сайысына қатысқан 650 шәкірттің 264-і жеңімпаз атанды.

Білім басқармасының ұйымдастыруымен 5-6 қаңтар күндері Тараз қаласындағы №7 және №53 мектеп-гимназияларында пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өткен болатын.
Екі кезеңнен тұратын білім додасында қатысушылар 15 пән бойынша бақтарын сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды – 43 оқушы жеңіп алса, ІІ орынды – 52 оқушы, ІІІ орынды – 169 оқушы иеленді.
Облыстық деңгейде оза шапқандар республикалық кезеңге жолдама алды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сайыс Талдықорған, ал жаратылыстану-математикалық пәндердің додасы Қарағанда қаласында өтпек.
Республикалық кезеңге жолдама алғандарға сәттілік тілейміз!!!