16 Қыркүйек 2019

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Р.ТҰРМАХАНБЕТОВА ІССАПАРМЕН САРЫСУ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

13 қыркүйек күні білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова іссапармен Сарысу ауданында болды.
Басқарма басшысы бірқатар мектептерде қоғамдық қабылдау өткізіп, өңір мектептерінің педагогтарымен, ата-аналармен кездесті. Аудан тұрғындарының білім саласына қатысты сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс- пікірлерін тыңдады.
Сарысу ауданына жұмыс сапары барысында басқарма басшысы мектеп асханаларының сапасын, білім мекемелерінің компьютерлермен жабдықталуын, кітапханалардағы кітаптар қорын және өзге де мәселелерді зерделеді.