16 Қыркүйек 2019

ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы» тақырыбында брифинг өтті.
Бүгінгі таңда біздің елімізде студенттерге арналған 90 мыңнан астам төсек-орын жасау қажет. Бұл мегаполистерден бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі барлық аймақтар.
Сондай-ақ, болашақта студенттер саны артады. Егер ағымдағы оқу жылында талапкерлер саны шамамен 200 мың адамды құраса, 2030 жылға қарай олардың саны 1,5 есеге артады деп күтілуде. Әрине, бұл жағдай студенттердің жатақханаға деген сұраныстың артуына да әсер етеді.
Механизм тұжырымдамасы – бұл мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі. Нысанды пайдалануға беруді өз қаражаты есебінен білім беру мекемесі, инвестор немесе кәсіпкер ретінде жеке құрылыс салушы жүзеге асырады.