17 Қыркүйек 2019

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Білім басқармасының ұйымдастыруымен қазақ халқының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін насихаттау арқылы адамгершілікке, ізгілікке баулу, білім алушылардың дарындық қабілеттерін қолдау мақсатында 16 қыркүйекте 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» атты білім байқауы өткізілді.
Байқауға облыс бойынша 14 оқушы қатысты.
Үздік деп танылған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.